Қазақстан мен Франция экономикалық байланыстарды жандандырады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Франция экономикалық байланыстарды жандандырады

Қазақстан мен Франция экономикалық байланыстарды жандандырады

"Қазақстан мен Франция арасындағы саяси байланыста еш кінарат жоқ, ал сауда-экономикалық байланыстар ауқымы сын көтермейді". Бүгін, 6-сәуірде "Франция-Қазақстан" достық тобының төрағасы, Франция парламенті сенатының депутаты Эмери Де Монтескью ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесу барысында осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2005
  • 873
Фото - Caravan.kz

Эмери Де Монтескью өзінің Франция үкімет басшысының тапсырмасымен «екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою үшін келгенін» хабарлады.

Н.Әбіқаев екі ел арасындағы «экономикалық байланыстар тиісті деңгейде емес» деген Франция жағының пікірімен келісті. Н.Әбіқаевтың айтуынша, Еуропалық инвесторлардың арасынан Франция Қазақстанда тек 7-ші орынға ие. Ал «1993-жылдан бері бұл ел Қазақстанға 30 млрд. доллардың тікелей инвестициясын жұмсады».
Сенат төрағасы Франция жағының үш айрықша маңызды ұсынысын атады: «біріншісі, Еуропа мен Қытайды Қазақстан арқылы тар соқпақты темір жол желісімен қосу, екіншісі, Қазақстанның су ресурстарын пайдалану және үшіншіден, Қытайға дейін созылатын газ құбырын тарту». Н.Әбіқаевтың айтуынша, бұл бастамалардың барлығы да «тың» болмағанымен, көптеген мәселелер бойынша «саяси шешім қабылданып та қойған». Сенат спикері бұл мәселелер бойынша жүзеге асрыыла бастаған жобалар Эмери Де Монтескью мырзаға ақпарат беруді туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігіне ұсыныс жасады.

Перейти к новостям спорта