Қазақстан мен Францияның астаналары арасында әуе қатынасын орнату мәселесі жайында хаттамаға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Францияның астаналары арасында әуе қатынасын орнату мәселесі жайында хаттамаға қол қойылды

Қазақстан мен Францияның астаналары арасында әуе қатынасын орнату мәселесі жайында хаттамаға қол қойылды

2011 жылғы 27 маусымда Елбасының әлемнің ірі қалаларымен ұшу ұзақтығы 7 сағатқа дейінгі тікелей авиақатынасын ашу жөніндегі 2011 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмасын орындау мақсатында

  • 28 Маусым 2011
  • 347
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Францияға ресми сапарының барысында Парижде Қазақстан мен Францияның астаналары арасында әуе қатынасы мәселесі туралы хаттамаға қол қойылды.

Бұл құжаттың қабылдануының алдында Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев пен Франция Республикасының қоршаған орта, тұрақты даму, көлік және тұрғын үй министрі Мариани Тьердің тікелей араласуымен орасан жұмыс атқарылды. Оның сыртында, екі елдің авиациялық биліктері арасында біраз келіссөздер жүргізілген болатын.

Бұл маңызды құжатқа қол қойылуымен екі елдің бас қалалары — Астана мен Париж арасында тұрақты рейстер ашудың құқықтық негізі жасалды.

Соңғы жаңалықтар