Қазақстан мен Германия бірлескен инжиниринг орталығын құру туралы келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Германия бірлескен инжиниринг орталығын құру туралы келісті

Қазақстан мен Германия бірлескен инжиниринг орталығын құру туралы келісті

Қазақстан мен Германия бірлескен инжиниринг орталығын құру туралы келісті, делінген ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) ақпаратында.

  • 27 Маусым 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, министрлікте Бундестаг депутаты Михаел Глосс, ҚР-дың Бавариядағы құрметті консулы Рейнхольд Креммель және HeidelbergCement құрылыс материалдарын өндіруші компанияның басқарма төрағасы Андреас Керн бастаған германиялық делегациямен кездесу өтті.

«Кездесу барысында бірлескен қазақстандық-германиялық инжиниринг орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ол арқылы озық технологиялар трансферті жүзеге асырылады. Қазақстан жағынан бұл мәселе бойынша Ұлттық инновациялық қор жауапты орындаушы және әріптес болады», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Бұдан басқа, тараптар қайта жаңартылатын қуат көздері, қалдықтарды, соның ішінде көмір электр станцияларынан алынған қалдықтарды жою кезінде өнеркәсіптік процестерді оңтайландыру, қуатты тиімді пайдалану, су ресурстарын тазарту және тиімді пайдалану салаларында ынтымақтастық перспективаларын егжей-тегжей талқылады. Сондай-ақ, таза технологияларды дамыту (clean technology) мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, «Каспий Цемент» жобасын жүзеге асыру мәселесі де қозғалды. HeidelbergCement компаниясының өкілдері мәлімдегендей, Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы жаңа зауыт озық технологиялық жабдықтарды пайдалану арқылы цементті заманауи, экологиялық зиянсыз, қуат үнемдегіш құрғақ әдіспен шығарады.

Зауыттың қуаты жылына 1 млн тонна цемент, оның қуатын екі есеге арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Инвестициялардың жалпы қуаты 200 млн еуро. Кездесу барысында жаңа зауыт аймақтың әлеуметтік дамуына ықпал етіп, қазақстандық мамандар үшін 400 жаңа жұмыс орны ашылатыны айтылды.

Зауытты 2013 жылы іске қосу жоспарланған. HeidelbergCement компаниясының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамытуға 70 млн еуродан аса қаржы бағытталды. Автокөлік және темір жолдар салу, Шетпе станциясын жаңарту, электр желілерін тарту, жұмысшылар кентін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жобаны жасаушы жергілікті еңбек ресурстарын оқыту бағдарламасын да қолға алды.

HeidelbergCement инертті материалдардың өндірісі бойынша әлемде бірінші орында және цемент пен бетон өндірісі бойынша көшбасшы болып табылады. Компания Қазақстан нарығында 2005 жылдан бері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар