Бұл ақпаратты ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Тараптар бұған дейін рәсімделген ынтымақтастық туралы келісім аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне қанағаттанушылық танытты. Жаңа меморандум балалар-жасөспірімдер футболын, құрама команда институтын, жаттықтырушыларды оқытуды, кездесулер мен турнирлер ұйымдастыруды дамыту саласындағы ынтымақтастықты қарастырады.
Құжатты DFB тарабынан одақ президенті Вольфганг Ниерсбах пен бас хатшысы Гельмут Сандрок, ал еліміз тарабынан Қазақстан Футбол федерациясының бірінші вице-президенті Саян Хамитжанов рәсімдеді.
«Жаңа меморандумға сәйкес келесі аптаның өзінде-ақ Қазақстанға балалар-жасөспірмдер футболы саласындағы немістің жетекші мамандары ұшып келеді. Олар футбол орталықтарының техникалық директорлары мен балалар жаттықтырушыларына оқыту семинарларын өткізеді», — деді С.Хамитов.