Жарияланды: 670

Қазақстан мен Германия телекоммуникациялық технологияларды дамыту саласындағы өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Бүгін, 5-желтоқсанда Астанада Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі мен Германияның "Бастама Д21" атты қоғамдық пайдалы бірлестік арасында телекоммуникациялық және ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Қазақстан жағынан бұл құжатқа ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев, ал Германия жағынан "Бастама Д21" қоғамдық пайдалы бірлестігінің директорлары кеңесінің мүшесі Андреас Бернард қол қойды. ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінен таратылған баспасөз баянына сәйкес, аталмыш меморандумға қол қоюда екі ел арасында телекоммуникациялық және ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы өзара Ынтымақтастықты дамыту мақсаты көзделді. Астанада қол қойылған уағдаластықты жүзеге асыру үшін тараптар екі мемлекеттің осы саладағы мамандары мен ғалымдары арасындағы байланыстарды өрістетуге, осы саладағы ғылыми зерттеулер нәтижесімен алмасу ауқымын кеңейтуге ықпал жасамақ. "Бастама Д21" қоғамдық бірлестігі 1999-жылы Германияның Штутгарт қаласында құрылған ашық бірлестік болып табылады. Қазіргі жағдаймен оған 300 қатысушы біріккен, олардың арасында "Алкател", "IBM", "HP" тәрізді жетекші ақпараттық-коммуникациялық компаниялар бар. Бұл ұйым елдің жеке бизнесін Германия мен басқа да елдердің қоғамдық және мелмекеттік институттарымен байланыстырып, өзара серіктестік орнатуға ықпалдасады. "Д21" қозғалысына ГФР канцлері Герхард Шредер төрағалық жасайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін