Сапар барысында өкілдер ҚР ІІМ-нің орынбасары Владимир Курбатовпен кездесті. Кездесуде қонақтарға Қазақстандағы қылмыспен күрес ахуалы және Қазақстан полициясын реформалау барысы туралы ақпараттар берілді.
Сонымен бірге кездесуде лаңкестікпен күрес, заңсыз есірткі айналымы, ұйымдасқан қылмыс және заңсыз көші-қонмен күрес салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері сарапқа салынды.
Өкілдер шұғыл басқару орталығының жұмысымен және «Образ-плюс» жүйесімен танысып, ІІМ-нің бірқатар нысандарын, соның ішінде жол полициясы және көші-қон полициясы бөлімшелерін, есірткі саудасымен күрес бөлімі мен Интерпол бюросының Қазақстандағы ұлттық орталығын аралады.
18-21-мамырда Гонконг полициясының өкілдері Алматыда болып, қалалық ІІББ-ның бастығы Молдияр Оразалиевпен кездеседі. Бұл кездесу барысында тараптар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ірі қалалардағы қауіпсіздікті сақтау мәселелерін сарапқа салуды көздеуде.