Қазақстан мен Грузия бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Грузия бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Грузия бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды

Бүгін, 31-наурызда Грузия президенті Михаил Саакашвилидің елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Наурыз 2005
  • 470
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, «Лаңкестік, есірткі және психотроптық заттар, олардың баламалары мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан жағынан республика ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков, Грузия жағынан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Гело Бежуашвили қол қойды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасындағы 1996-жылдың 17-қыркүйегінде қол қойылған азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шартының хатамасына қол қойылды. Қазақстан жағынан бұл құжатқа ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, Грузия жағынан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Гело Бежуашвили қол қойды.
Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев пен Тбилиси қаласының мэрі Зураб Чиаберишвили екі астана арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумға қол қойды. Тағы осындай екінші меморандумға Ақтау теңіз айлағының директоры Жеңіс Тасымбетов пен Грузияның Поти теңіз айлағының директоры Теймураз Миминошвили қол қойды.

Перейти к новостям спорта