Қол қойылған құжаттардың қатарында екі мемлекет үкіметтерінің азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы уағдаластығы мен 2006-2010 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Грузияның Аджария автономиялық республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасы бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысының Грузияға ресми сапары 2-қазанда басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті