Мәселен, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Иордан Хашимиттік Корольдігінің үкіметі арасындағы ынтымақтастық, Сауда-экономикалық ынтымақтастық және Инвестицияларды қолдау мен қорғау ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында тараптар екі елдің жеке секторының өкілдерін жоғары деңгейдегі екі жақты саяси қатынастарға және тиісті шартты-құқықтық базаға негізделген қолайлы жағдайларды мейлінше пайдалануға шақырды.
Сауда -экономикалық салада тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудағы жеке сектордың елеулі рөлін атап көрсете отырып, тараптар қазақстандық және иордандық бизнесмендердің қатысуымен Іскерлік кеңес құруға уағдаласты.
«Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сондай-ақ кіші және орта бизнес сияқты салалардағы ынтымақтастыққа сондай-ақ тәжірибе алмасуға үлкен қызығушылық білдірді.
Тараптар екі ел астаналарында тұрақты жұмыс істейтін көрмелерді ашуға күш-жігер жұмсайтын болды»,- делінген бүгін ҚР СІМ таратқан бірлескен мәлімдеменің мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті