Қазақстан мен Иран халықаралық автокөлік тасымалы туралы мәселені талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран халықаралық автокөлік тасымалы туралы мәселені талқылады

Қазақстан мен Иран халықаралық автокөлік тасымалы туралы мәселені талқылады

Тегеранда халықаралық автокөлік тасымалы туралы Қазақстан-Иран бірлескен комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында тараптар халықаралық автокөлік қатынасы туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімнің жобасын келісуге қатысты және 2005-жылдың екінші жартысына арналған автокөлік тасымалына рұқсат беретін алмасулар квотасына қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан мен Иранның халықаралық автотасымалдаушылар ассоциациялары арасындағы ықпалдастық мәселесіне баса назар аударылды, делінген СІМ хабарламасында.
Отырысқа Қазақстан атынан елші Сәбит Тайыров бастаған өкілдер қатысты.

Перейти к новостям спорта