Қазақстан мен Иран консулдық мәселелеріне байланысты келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран консулдық мәселелеріне байланысты келіссөздер жүргізді

Қазақстан мен Иран консулдық мәселелеріне байланысты келіссөздер жүргізді

Қазақстан мен Иран консулдық мәселелеріне байланысты келіссөздердің 4-ші раундын жүргізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

  • 10 Қазан 2005
  • 321
Фото - Caravan.kz



Тегеранда өткен кездесуде консулдық сала бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы екі жақты ынтымақтастықты болашақта дамыту жолдарын айқындау — басты тақырыпқа айналды.
Консультациялар барысында тараптар екі елдің халықаралық транспорттық компанияларының жүк тасымалдаушылары мен кәсіпкерлерге виза беруді жеңілдетуге және екі ел арасындағы консулдық байланыстарға қатысты мәселелерді мұқият талқылады.
Сонымен бірге Қазақстан мен Ираның уәкілетті мекемелері арасында етене жақын байланыстар орнату мүмкіндігі талқыланды. Ондағы мақсат ұйымдасқан қылмыспен, лаңкестікпен, есірткі контрабандасымен, адам саудасымен және заңсыз көші-қонмен күреске саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта