Қазақстан мен Иран осы елдің солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран осы елдің солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда

Қазақстан мен Иран осы елдің солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда

АСТАНА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Иран осы елдің солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы барысында Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Біз Иранның солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу, сондай-ақ, Иранның Атырау қаласында ауқымды мұнайхимиялық кешен құрылысын салуға атсалысу мүмкіндіктерін талқыладық»,- деді Иран СІМ.

«Бұл мәселелер үкіметаралық комиссияның кезекті жиынында келісіледі. Бүгінгі комиссия аясында мұнайхимиялық және мұнеай өңдеу зауыттарын салу жөнінде мәмілеге келдік»,- деді еліміздің көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

«Иран жағы мұнай өңдеу және мұнайхимиясы салалары бойынша айрықша қызғылықты жобалар мен технологияларды бере алады»,- деді ол.

«Мұнай өңдеу зауыты бірлескен негізде салынады»,- деді С.Ахметов.

«Иран жағы Иран арқылы өтетін мұнай көлемін одан әрі арттыруға үлкен қызығушылық танытты»,- деді еліміздің көлік және коммуникация министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта