Иран елшісі осы орайда 2005-жылдың 1-ақпанынан бастап екі ел арасында кәсіпкерлерге Қазақстан мен Иранның сауда-өнеркәсіптік палаталарының нұсқау хатының негізінде өтініш берген сәттен бастап екі күн ішінде виза беру туралы, сондай-ақ, консулдық алымдарды келген елдің ұлттық валютасымен алу туралы келісімдер күшіне енгенін ескертті.
«Экономикалық тұрғыда біз Орталық Азия аймағында Қазақстанды басты әріптесіміз деп санаймыз»,- деді елші.
А.Аджаллауианның пікірінше, «екі ел арасында ұлығаусар әлеует бар. Бұл жайт бізге өзара қатынау жолдарын жеңілдетуге жағдай жасау міндетін жүктейді». «Екі ел азаматтарының бір-біріне қатынау шарттарын бұрынғыдан да жеңілдете түсу бағытында біз әлі де көп істер тындыратын боламыз»,- деді елші.