Астанада Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Хасан Қашқави қатысуымен казақ-ирандық консулдық консультациялардың жетінші кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазТАГ ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар құқықтық саладағы екіжақты келісімдердің жобалары және консулдық-құқықтық мәселелер қарастырылып, екі мемлекет азаматтарына визалық режимді жеңілдету мүмкіндіктерін талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде екі елдің іскерлік топтары арасындағы және туристік саладағы сапарлар алмасуды оңтайландыру көзделген шараларды қамтитын меморандумға қол қойылды.