Қазақстан мен Испания бас прокуратуралары қылмыспен күресте ынтымақтастық туралы уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Испания бас прокуратуралары қылмыспен күресте ынтымақтастық туралы уағдаласты

Қазақстан мен Испания бас прокуратуралары қылмыспен күресте ынтымақтастық туралы уағдаласты

Қазақстан мен Испания бас прокуратуралары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп ведомство баспасөз қызметі жұма күні хабарлады.

  • 1 Шiлде 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Меморандумға Сеулде өткен бас прокурорлардың IVДүниежүзілік саммитінде қол қойылды.

«Құжат екі ел арасындағы қылмыс түрлерімен, оның ішінде ұйымдасқан қылмыс түрлерімен де, есірткі, қарудың заңсыз айналымы, экономика саласындағы қылмыспен күресте ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді», — делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Ынтымақтастықтың екінші маңызды бағыты ретінде құжатта прокуратура кадрларының біліктілігін арттыру мен көтеру, екіжақты қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту белгіленген.

Форумға Қазақстанна бас прокурор Асхат Даулбаев қатысты.

Сондай-ақ форум аясында ҚР бас прокурорының бірқатар мемлекеттердің бас прокурорларымен екіжақты кездесуі кезінде өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп баспасөз қызметі атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар