Қазақстан мен Испания үкімет басшыларының келіссөздері нәтижелері бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды
Бүгін Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Испания Корольдігінің Премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеромен келіссөздер жүргізді. |
"Испания Премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеромен келіссөздер жүргіздім», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында.
Тараптар Қазақстанның транзиттік жағдайын ескеріп, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдардың болашағын, Кеден Одағының құрылуын және еліміздің үдемелі индустриаландыру бағдарламасын іске асыруды қарастырды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.
Еске сала кетсек, Испания Премьер-министрі 16 маусымда Астанаға ресми сапармен келді, оның барысында ол Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін