Келіссөздерде қазақстандық өкілдерді ҚР СІМ-нің орынбасары Вадим Зверьков, Италиялық өкілдерді осы елдің өндірістік іс-қызмет жөніндегі вице-министрі Адольфо Урсо басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту, соның ішінде өнеркәсіп және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы талқылады. Жұмыс тобы Қазақстан экономикасының машина жасау және металл өңдеу, ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар, фармацевтика, мұнай химиясы және құрылыс материалдарын өндіру салаларына Италия инвестициясын тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен бірге Италиялық мамандардың Қазақстанда орман өнеркәсібі кешенін дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға ағаш өңдеу және жиҺаз өнеркәсібі салалары бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға атсалысу, сондай-ақ, басқа да инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктері сарапқа салынды.
Мәжіліс барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум бойынша басты ұстанымдарын келісіп, оған биылғы жылға сыйғызып қол қоюға уағдаласты.