Қазақстан мен Катардың мұнайгаз, мұнайхимиясы мен ауылшаруашылығы салаларында үлкен ынтымақтастық әлеуеті бар - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Катардың мұнайгаз, мұнайхимиясы мен ауылшаруашылығы салаларында үлкен ынтымақтастық әлеуеті бар - Назарбаев

Қазақстан мен Катардың мұнайгаз, мұнайхимиясы мен ауылшаруашылығы салаларында үлкен ынтымақтастық әлеуеті бар - Назарбаев

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Катардың мұнайгаз, мұнайхимиясы мен ауылшаруашылығы салаларында үлкен ынтымақтастық әлеуеті бар. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Испания, Куба, Өзбекстан және Катар елдерінің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыс ету рәсімінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2008
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Алдағы жылдарда біз мұнайгаз, мұнайхимиясы мен ауылшаруашылығы салаларында бар ынтымақтастық әлеуетін жүзеге асыруымыз қажет» ,- деді Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің еліміздегі бірінші елшісі Насер Рашид Мұхаммед әл-Наимиге қаратып айтқан сөзінде.

«Сол үшін біз Қазақстан -катар инвестициялық қорын құрдық, оның қызметі екі ел аумағында өзара тіимді жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Қазақстан мен Катар арасындағы байланыс жемісті дамып келеді. Жоғары деңгейде тұрақты саяси диалог жүргізілуде, бұл біздің қатынастарымызға үлкен серпін береді. Экономикалқ және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Біз Катардың Елордасы-Астананы дамытуға қосқан үлесі мен сіздің мемлекеттің билеушісі тарапынан көрсетілетін бауырластық қатынасты жоғары бағалаймыз», -деді ол.

«Қазақстан Куба Республикасымен арадағы байланысты нығайтуға баса назар аударады. Біздің халықтарымыздың арасындағы өзара сенімге негізделген достықтың тарихы терең. Бұл біздің басымдық берілген ынтымақтастық салаларында, соның ішінде сауда, экономика, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге жақсы негіз болмақ», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Кубаның жаңа елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррерге қаратып айтқан сөзінде.

«Біздің үкімет қиындық түскен уақытта куба халқына «Густав» дауылының зардаптарын жоюға қаржылық көмек бөлуге шешім қабылдады», — деді ол.

Елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтаған Н. Назарбаев: «Қазақстан дипломатиялық байланыс орнатқан мемлекеттердің баршасымен достық және сенімді қарым-қатынас жүргізіп отыруға әруақытта мүдделі», деп атап көрсетті.

«Сіздердің Қазақстандағы қызметтеріңіз әлемдік экономикадағы күрделі әрі сонымен бір мезгілде қызықты уақытта басталып отыр. Менің ойымша, бүгінгі күнде біздің елдердің арасында өзара пайдалы әрі көп қырлы ынтымақтастықты дамытуда барлық мүмкіндіктер бар», деді Н. Назарбаев.

Елшілердің алдағы атқаратын қызметтеріңде өз елдерінің Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарын одан әрі ілгерілетуге күш-жігерлерін жұмсайтындарына сенім білдіре отырып, мемлекет басшысы олардың жұмыстарына зор табыстар тіледі.

«Біздің елдердің ынтымақтастығының перспективасы мен оларды кеңейтудің әрі тереңдетудің мүмкіндіктері көп жадайда дәл сіздерге байланысты. Алда сіздерді қызықты істер күтіп тұр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен өзім сіздердің біздің еліміздегі жұмыстарыңызға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар