Қазақстан мен Корея стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Корея стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Корея стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР индустрия және сауда министрлігі мен Корея Республикасының технология және стандарттау жөніндегі агенттігі стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, бұл құжатқа Халықаралық стандарттау ұйымының бас ассамблеясының Сингапур қаласында өткен 28-отырысы барысында қол қойылды. Отырысқа Қазақстандық өкілдер де қатысқан болатын.

  • 26 Қыркүйек 2005
  • 738
Фото - Caravan.kz

Қазақстан жағынан меморандумға индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Василий Михалченко мен Корея жағынан сауда, индустрия және энергетика министрлігінің технология және стандарттау жөніндегі агенттігінің администраторы Ким Хи Вон қол қойды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастықты дамытып, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып, ақпарат және тәжірибе алмасады.
Қазақстан Халықаралық стандарттау ұйымына 1994-жылдан бері толық құқылы мүше болып табылады.

Перейти к новостям спорта