Қазақстан мен Кувейт энергетика, ауылшаруашылығы, металлургия және мұнайгаз саласында ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастыруда - Коржова - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Кувейт энергетика, ауылшаруашылығы, металлургия және мұнайгаз саласында ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастыруда - Коржова

Қазақстан мен Кувейт энергетика, ауылшаруашылығы, металлургия және мұнайгаз саласында ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастыруда - Коржова

Астана. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Кувейт энергетика, ауылшаруашылығы, металлургия және мұнайгаз саласында ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы кеше Қазақстан -Кувейт бизнес-форумы алдында журналистерге берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы - Қазақстан -Кувейт бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының тең төрайымы Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз үкіметаралық комиссияның жұмысына кірістік, біздің жұмысымыз жемісті болады деп ойлаймын. Бізге ел президенті кувейтке жасаңған сапарымен жол ашып берген, қазіргі жағдаймен Қазақстанның Кувейттегі, кувейттің Қазақстандағы инвестицияларын қорғау туралы келісімге қол қойылды. Егер кувейт қоры екі күнге созылатын үкіметаралық комиссияның жұмысы барысында инвестиция салуға ниет білдірген жобаларды нақты анықтай алса, заңнамалық база да жасалады. Кувейт жағы қарастырып жатқан жобалардың арасында энергетикалық нысандарға, ауылшаруашылығына, мұнай мен газ өңдеуге, металлургия салаларына инвестиция салу мүмкіндіктері Қазақстан үшін басымдыққа ие. Осы мәселелердің бәрі де үкіметаралық комиссияның отырысында қаралады. Екі күннің ішінде біз нарқты іс-шаралардың жоспарын жасауға тиіспіз», -деді Н. Коржова.

Келесі жылы елімізге Кувейт әмірі сапармен келеді деп күтілуде, деді комиссияның тең төрайымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар