Қазақстан мен Кувейт таяу уақыттарда екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құрмақшы
Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Кувейт таяу уақыттарда екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құрмақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігі мен Кувейт Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Лама Шариф Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысының ашылуы алдында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қазақстан мен Кувейт таяу уақыттарда екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құрмақшы, бұл кеңестің бірінші форумы 2009 жылдың бірінші тоқсанында Кувейтте өткізіледі", деді Қ. Лама Шариф.
"Кувейтте мұнай, мұнайхимиясы мен туризм салаларында аса қызғылықты жобалар көп, оған еліміздің кәсіпкерлері белсене қатыса алады", -деді елші.
Сондай-ақ, қазір Астана мен Эль-Кувейтте екі елдің елшіліктерін ашу мәселе талқылану үстінде. "Бүгінгі күні Эль-кувейтпен арадағы дипломатиялық байланыстар біздің Сауд Арабиясындағы елшілігіміз арқылы жүзеге асырылуда", - деді Қазақстан елшісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін