Қазақстан мен Латвия арасында өзара сауда көлемін ұлғайтуға ешбір кедергі жоқ - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Латвия арасында өзара сауда көлемін ұлғайтуға ешбір кедергі жоқ - Назарбаев

Қазақстан мен Латвия арасында өзара сауда көлемін ұлғайтуға ешбір кедергі жоқ - Назарбаев

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Латвия арасында өзара сауда көлемін ұлғайтуға еш кедергі жоқ. Бұл туралы бүгін Латвия Республикасының президенті Валдис Затлерспен жеке кездесу кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қазан 2008
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Латвиямен арада жоғары деңгейдегі кездесулердің динамикасы жақсы. Сауда-саттық өсіп келеді, дегенмен, біз қалаған көлемге жеткен жоқ», -деді Н. Назарбаев.

«Менің пайымдауымша, Қазақстан Латвия арасында саяси да, экономикалық та кедергі жоқ. Өзіңізбен бірге көптеген кәсіпкерлерді ала келген Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынасымызды жоғары деңгейге көтереді дегенге сенімім мол», -деді президент.

Өз кезегінде Латвия президенті екі республика арасында «жоғары деңгейде және кәсіпкерлер арасында жақсы байланыстар бар», деді. «Ынтымақтастықты кеңейте түсуге мүмкіндік мол», — деді В. Затлерс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар