"Латвиямен арада жоғары деңгейдегі кездесулердің динамикасы жақсы. Сауда-саттық өсіп келеді, дегенмен, біз қалаған көлемге жеткен жоқ", -деді Н. Назарбаев.
"Менің пайымдауымша, Қазақстан Латвия арасында саяси да, экономикалық та кедергі жоқ. Өзіңізбен бірге көптеген кәсіпкерлерді ала келген Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынасымызды жоғары деңгейге көтереді дегенге сенімім мол", -деді президент.
Өз кезегінде Латвия президенті екі республика арасында "жоғары деңгейде және кәсіпкерлер арасында жақсы байланыстар бар", деді. "Ынтымақтастықты кеңейте түсуге мүмкіндік мол", - деді В. Затлерс.