Қазақстан мен Латвия бірқатар екі жақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Латвия бірқатар екі жақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Латвия бірқатар екі жақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр

Астанада елімізге ресми сапармен келген Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберги мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қазан 2004
  • 327
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін сондай-ақ кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтеді деп күтілуде. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылмақшы. Атап айтқанда, Қазақстан мен Латвия арасында лаңкестікпен, есіркілік және психотроптық заттардың, оларға балама заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес, ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы ; экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы; шетелдік инвестицияларды қорғау және оны ынталандыру туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылады.

Түстен кейін Латвия президенті бизнес-форумға қатысып, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездеседі. Сондай-ақ, сапар бағдарламасында Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қою, Президенттің мәдени орталығын аралау көзделген. Кешкісін Латвия президентінің құрметіне Елбасының атынан ресми қонақасы беріледі.
9-қазан сенбіде В.Вике-Фрейберги Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушы-ұстаздар құрамымен кездесіп, «Бәйтерек» ескерткіш кешені мен қаланың жаңа әкімшілік орталығын аралайды.

Перейти к новостям спорта