Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр - Назарбаев

Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр - Назарбаев

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр. Бүгін Латвия Республикасының президенті Валдис Затлерстің елімізге ресми сапары аясында жүргізілген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қазан 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Латвияны Балтық теңізіндегі өзінің маңызды экономикалық серіктесі деп санайды, осы елмен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері жүзеге асырылып жатқанымен, ол толық пайдаланылмай отыр «, -деді Н.Назарбаев.

Ол Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы өткен жылы 9,5% өсіп, Қазақстан жағының мәліметінше, $200 млн болғанын айтты. «Осы жылдың бірінші жартысында тауар айналымы $174 млн жетті, бұл жақсы өсім болғанымен, экономикалық әлеует бұдан да жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді», -деді Қазақстан президенті.

«Біз Қазақстан мен Латвия экономикасының қарқынды өсіп келе жатқанына куәгерміз. Ол біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тиісті жағдай жасайды», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар