Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр - Назарбаев

"Қазақстан Латвияны Балтық теңізіндегі өзінің маңызды экономикалық серіктесі деп санайды, осы елмен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері жүзеге асырылып жатқанымен, ол толық пайдаланылмай отыр ", -деді Н.Назарбаев.

Ол Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы өткен жылы 9,5% өсіп, Қазақстан жағының мәліметінше, $200 млн болғанын айтты. "Осы жылдың бірінші жартысында тауар айналымы $174 млн жетті, бұл жақсы өсім болғанымен, экономикалық әлеует бұдан да жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді", -деді Қазақстан президенті.

"Біз Қазақстан мен Латвия экономикасының қарқынды өсіп келе жатқанына куәгерміз. Ол біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тиісті жағдай жасайды", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.