Қазақстан мен Литваның СІМ өкілдері Вильнюсте екіжақты қатынастардың келешегін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Литваның СІМ өкілдері Вильнюсте екіжақты қатынастардың келешегін талқылайды

Қазақстан мен Литваның СІМ өкілдері Вильнюсте екіжақты қатынастардың келешегін талқылайды

Вильнюсте 5 -желтоқсан күні қазақстандық-литвалық сыртқы істер министрліктері арасында кеңес өтеді, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

  • 1 Желтоқсан 2012
  • 225
Фото - Caravan.kz

«Келіссөздерде қазақстандық делегацияға сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, литвалық жаққа — сыртқы істер вице-министрі Эвалдас Игнатавичюс жетекшілік етпек», деп хабарлады І.Омаров Астанада жұмада баспасөз мәслихатында.

І.Омаровтың айтуынша, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 179,5 млн долларды құраған, бұл 2011 жылдың сол кездегі мерзімімен салыстырғанда 9,6% артық.
Қазақстан СІМ деректеріне қарағанда, Қазақстанда литвалық капиталдық қатысуымен 158 кәсіпорын тіркелген.