Қазақстан мен Малайзия мұнай шламдарын қайта өңдеу мен жою бойынша БК құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Малайзия мұнай шламдарын қайта өңдеу мен жою бойынша БК құрады

Қазақстан мен Малайзия мұнай шламдарын қайта өңдеу мен жою бойынша БК құрады

Қазақстанда мұнай шламдарын, басқа да өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу мен жою бойынша Малайзиямен бірлескен кәсіпорын (БК) құрылады, деп хабарлады «Октан Групп» компаниясының бас директоры Бауыржан Терлікбаев.

  • 7 Маусым 2011
  • 978
Фото - Caravan.kz

«Біз Eastern Famehub (Малайзия — ҚазТАГ) компаниясымен экологиялық мәселелерді шешу бойынша БК құру туралы келісімге қол қойдық. (Қазақстанның — ҚазТАГ) мұнай-газ секторында мұнай шламдарын қайта өңдеуге қатысты проблемалар бар. Бұл бағытта Eastern Famehub жаңа технологияларды пайдалануға және жабдықтар жеткізу бойынша көмек көрсетуге дайын», — деді «Октан Групп» ЖШС бас директоры Б. Терлікбаев сейсенбі күні агенттікке телефон арқылы.

Оның ақпаратына сәйкес, БК Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық стратегиясы шеңберінде ең озық экологиялық таза технологияларды енгізумен айналысады.

«Октан» компаниялар тобы 2000 жылы құрылды. Компания қызметін, соның ішінде исламдық бангкинг бойынша қызметін әртараптандыруға бағытталған.

Eastern Famehub — Markmore Energy Group (Малайзия) компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын мамандандырылған компания. Қоршаған ортаны қорғау саласында жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу зауыттарының құрылысы бойынша тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар