Қазақстан мен Марокко өзара ынтымақтастықты өрістету жолдарын қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Марокко өзара ынтымақтастықты өрістету жолдарын қарастыруда

Қазақстан мен Марокко өзара ынтымақтастықты өрістету жолдарын қарастыруда

Қазақстан елшісі Бағдад Әміреевтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдап алу рәсімінде сөз сөйлеген Марокко сыртқы істер министрі Мухаммед Бен Иссе Марокко Корольдігі өзара ынтымақтастық орнату бағытында Қазақстан тарапынан жасалатын кез-келген ұсынысты қарап көруге дайын екенін мәлімдеді.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 510
Фото - Caravan.kz

Марокко СІМ-нің атап көрсетуінше, Корольдік Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы келешегінен үміт күттірген әріптес ретінде таниды. Екі мемлекет арасындағы қазіргі қарым-қатынас деңгейі екі елдің әлеуетіне сай емес екенін атап өткен Мухаммед Бен Иссе өзара достық байланыстарды нығайту қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстан елшісі екі ел арасында саяси диалог орнатудың келешегіне, екі жақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар аясын кеңейтуге қатысты пікір-көзқарастарымен бөлісті. Екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытуға бағытталған табысты жоба ретінде Б.Әміреев өткен жылы бұл елге 350 мың тонна Қазақстан бидайының сатылуын атады.
Сондай-ақ, Б.Әміреев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Марокко королі УІ Мухаммедке, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың атынан оның Марокколық әріптесі Мухаммед Бен Иссе мырзаға сәлем жолдады.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықтың жаңаша түрлерін іздестіру үшін етене жақын байланыс орнатуға және бірлескен іс-шараларды тығыз үйлестіруге келісті.

Соңғы жаңалықтар