Жарияланды: 300

Қазақстан мен Моңғолия Бас прокуратуралары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Моңғолия Бас прокуратуралары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев моңғолиялық әріптесі Дамбии Дорлигжавпен кездесті.

Кездесу барысында А.Дауылбаев екі ел арасындағы заңдылықты күшейту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде Моңғолияның құзырлы органдарымен жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол бұл сапар Қазақстан мен Моңғолияның қадағалау органдары арасында қалыптасқан өзара әрекеттесуді әрі қарай дамыту жолындағы маңызды қадам, сондай-ақ қазіргі қарым-қатынастарды нығайтуға тараптардың мүдделілікерін қуаттау болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Бас прокуроры шетелдік әріптестерін Қазақстан прокуратурасы қызметіндегі басым бағыттармен, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту саласындағы жұмыстармен таныстырды. Өз кезегінде, Моңғолияның Бас прокуроры қазақстандық әріптесіне көрсетілген жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Моңғолияның Бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін