Баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан астығын Мысырға экспорттау үшін екі елдің үкіметіне арнайы комиссия құру туралы мәселені талқылау жүктелді»,-деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мысырға үлкен көлемде астық тасымалдауға Қазақстанның мүмкіндігі мол.
Н. Назарбаев үкіметтерге «сауда экономикалық тәжірибе алмасу»мақсатында екі елдің экспорттық ахуалына , банк саласына, фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі саласына сараптама жасау тапсырылғанын айтты. «Бұл мәселелердің үлкен тәжірибелік маңызы бар болғандықтан, біз оларды қарастыруды тапсырдық»,-деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы Мысыр басшымен кездесуінде Қазақстанда Мысыр елінің сауда үйін ашу туралы келісім жасасқанын хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті