Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламенттері екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламенттері екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі

Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламенттері екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі

Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламенттері екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі. Бұл туралы бүгін, 3-қазанда Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясынң спикері Ким Вон Ки пен ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев өзара кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қазан 2005
  • 521
Фото - Caravan.kz



«Парламенттер арасындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді»,- деді Н.Әбіқаев.
Оңтүстік Корея парламентшілерінің осы жолғы сапары «Корея жағының Қазақстанмен арадағы достық байланыстарды белсенді дамытуға деген құлшынысын білдіреді»,- деп атап өткен сенат жетекшісі «парламенттік қауымдастықтардың бірлескен отырыстары аясында екі жақты парламентаралық байланысты дамытуды» ұсынды.
Бұл ұсынысқа қолдау білдірген Кореялық өкілдердің жетекшісі «әрбір ынтымақтастық саласы бойынша парламентаралық комитеттер құруды» ұсынды. Ким Вон Кидің пікірінше, комитеттер аясындағы жұмыс «Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты қарқындандыруға» мүмкіндік бермек.
Сонымен бірге кездесу барысында тараптар Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуі туралы және екі ел арасындағы әуе кеңістігі туралы мәселелерді сарапқа салды. «Оңтүстік Корея парламенті мен үкіметі Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдайды»,- деді Ким Вон Ки. Өз тарапынан Кореялық өкіл бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы келіссөздерді жеделдетуге күш салуға уәде берді. Сонымен бірге тараптар әуе кеңістігі туралы келісімге қол қоюға бағытталған жұмыстарды пәрмендендіру қажеттігі төңірегінде ортақ пікірге келді. Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясынң спикерінің пікірінше, бұл келісімге қол қою екі жақты ынытақтастықтың барлық қырларына оң ықпалын тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта