"Узбекистон хаво йуллари" компаниясының хабарлауынша, қазақстандық компаниямен Ташкенттен Алматыға, Астанаға және кері бағытта қатынайтын әуе рейстері санын көбейту туралы уағдаластық жасалған. Бұған қоса Қазақстан қалаларынан Өзбекстанның тарихи қалалары — Үргеніш, Бұхара және Самарқан қалаларына әуе қатынасы ашылады.
Сонымен бірге қазақ және өзбек компаниялары техникалық қызмет көрсету және ұшақтарды жөндеу жұмыстары бойынша әріптес болуға да келісті.
Қазір Ташкент-Алматы-Ташкент рейсі аптасына алты мәрте, Ташкент-Астана-Ташкент рейсі аптасына екі рет қатынайды.