Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процессі тоқырауға ұшырады - ҚР демаркациялық комиссиясының мүшесі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процессі тоқырауға ұшырады - ҚР демаркациялық комиссиясының мүшесі

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процессі тоқырауға ұшырады - ҚР демаркациялық комиссиясының мүшесі

Тамыздың 6-10 күндері Ташкентте өткен Қазақ-Өзбек шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісінен кейін, Өзбекстан жағына бірнеше мәрте шақыру жіберілгеніне қарамастан тарап өкілдері бір де бір мәрте кездескен жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР демаркациялық комиссиясының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Бексейіт Дүйсебаев хабарлады.

  • 11 Қараша 2003
  • 623
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың тамыз айында Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процессін ұйымдастыру және соған қатысты құқықтық мәселелерді келісу жөніндегі екі жақты комиссияның отырысы өткені белгілі. Келіссөздер барысында алдағы процесске қажетті құжаттардың жобасы талқыланып келісілген болатын. Атап айтсақ, Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясы туралы ереже, екі мемлекет арасындағы шекара бағандары орнатылатын демаркациялық сызықты белгілеу тәртібі туралы инструкция мен демаркациялық жұмыстарды атқаратын қызметкерлердің Қазақ-Өзбек мемлекеттік шекарасынан өтуіне арналған жеңілдетілген тәртіп бекітілді.

Сондай-ақ, демаркациялау процессін жүзеге асыру мерзімі айқындалды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығына бағандар орнату мерзімі 2003-жылдың қыркүйегі мен 2004-жылдың соңы деп белгіленді. Келіссөздер барысында тараптар кезекті келіссөздер Қазақстан аумағында өтеді деп уағдаласты. Ал келіссөздер өткізілетін нақты орны мен мерзімі дипломатиялық арналар арқылы айқындалуы тиіс.
Шекаралық бағандар орнатылуы тиіс оңтүстік шекара сызығының ұзындығы 2350 шақырымды құрайды.

Соңғы жаңалықтар