Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара проблемасын дипломатиялық жолмен шешкен жөн- Қ.Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара проблемасын дипломатиялық жолмен шешкен жөн- Қ.Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара проблемасын дипломатиялық жолмен шешкен жөн- Қ.Тоқаев

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы проблемаларды шешу үшін "Қазақстан көршілес Өзбекстанмен дипломатиялық келіссөздер жүргізеді". Бұл туралы бүгін, 9-қазанда Астанада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 659
Фото - Caravan.kz

Оның пікірінше, «екі ел арасындағы шекара проблемасын дипломатиялық жолмен шешкен жөн». «Өзбекстан-Қазақстанмен меймандос көрші мемлекет. Сол себепті екі ел арасында жарқын қарым-қатынас орнығуы тиіс»,- деді Қ.Тоқаев. «Екі мемлекет арасында жақын қарым-қатынас өрбісе, бұл тек осы елдер үшін ғана емес, сондай-ақ, жалпы Азия аймағы үшін жағымды жағдай»,- деді бас дипломат.

Ол «Туындаған түйткілді мәселеде Қазақстан мен Өзбекстан өзара мәмілеге келеді» дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар