Кездесуде сондай-ақ ҚР ІІМ-нің қызметкерлерін экстремизм және лаңкестікпен күрес мәселелері бойынша Өзбекстанның оқу орындарында оқыту мүмкіндіктері талқыланды.
З.Тұрысбеков пен Т.Муллажанов екі мекеме қызметкерлерінің кездесуін 2005-жылдың мамыр айында өткізуге келісті. Онда трансұлттық қылмыспен күреске бағытталған бірлескен шешім шығарылады. Жұмыс топтарының құрамына екі ел ішкі істер министрліктерінің басшылары мен шекаралық аймақтардың ІІББ мен ІІБ-ның бастықтары енеді.