Төрт айға соылған үзілістен кейін, жуырда Қазақстандық және Өзбекстандық үкіметтік топтардың жұмыс бабындағы кездесуі өтті.
Б.Дүйсебаевтың хабарлауынша, Өзбекстан жағы комиссияның құрамын өзгертіп жіберген. Сол себепті бұл жолғы жүздесу жеке таныстыққа және өткен кездесулерде шешімін тапқан мәселелердің ревизиясына арналды. Осы жолы біріккен комиссияның кезекті отырысының мерзімі анықталды. Ол шілде айында Астана немесе Алматы қалаларының бірінде өтуге тиіс.
Қазір шекараны демаркациялау және азаматтарды көшіру мәселелері іс жүзінде шешілді. Қазір біріккен комиссия су-энергетикалық және транспорттық бірлескен коммуникацияларды пайдалану режиміне қатысты шешімдермен шұғылдануда.