М.Рывкиннің айтуынша, объективті себептерге байланысты екі мемлекет те аймақтағы көшбасшылық рольге таласа алады, бірақ әркімнің өз позициясы бар. Мәселен, Қазақстанның артықшылықтары ретінде экономика, экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жетекшілігі мен минералдық ресурстарға байлығын атауға болады. Ал аймақтағы жалпы тұрғындар санының 45 процентін иемденуі мен ежелгі мемлекеттердің астаналары осы өлкеде орын тебуін Өзбекстанның артықшылығы деп атауға болады.
М.Рывкиннің айтуынша, мұндай жағдайда бір мемлекеттің даусыз лидерлігі туралы сөз қозғауға келмейді. Сондықтан да аймақ үшін екі ірі мемлекеттің өңірдегі «жетекшілік рольді бөліскені жөн».
Сонымен қатар сарапшылының пайымдауынша, Өзбекстандағы экономикалық ахуал әзірге «аймақтағы көшбасшылық рольге түрткі бола алмай отыр». Осыған байланысты Қазақтан үшін ондағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында басы артық капиталды көршілес елдің экономикасына инвестиция ретінде құю дұрыс.