Қазақстан мен Өзбекстан қараша айында мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан қараша айында мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан қараша айында мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізеді

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Өзбекстан қараша айында мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Қыркүйек 2006
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Екі ел президентінің бастамасымен құрылған мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы осы жылдың аяғында өтеді, оны екі елдің үкімет басшылары басқарады»,- деп мәлімдеді бүгін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздердің қорытындысы бойынша Астанада өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде И.Кәрімов: «мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы алдағы қараша айында өтеді», деп хабарлады. «Бұл кеңес — бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден-бір үлгі, ол декларативтік емес, жұмысшы орган болады»,- деді Өзбекстан президенті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта