Қазақстан мен Өзбекстан Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін мемлекеттік шекараны демаркациялауды аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін  мемлекеттік шекараны демаркациялауды аяқтады

Қазақстан мен Өзбекстан Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін мемлекеттік шекараны демаркациялауды аяқтады

Бірлескен Қазақ-өзбек демаркациялық комиссиясының кезекті отырысының барысында Сарыағаш ауданына қатысты барлық мәселелер шешілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне демаркациялық топтың мүшесі Бексейіт Дүйсебаев хабарлады.

  • 21 Қараша 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

Комиссияның кезекті отырысы 19-20-қарашада Сарыағашта өтті. Б.Дүйсебаевтың айтуынша, кездесу барысында мемлекеттік шекараның Сарыағаш бөлігі бойынша тараптар арасында демаркацияға қатысты ешбір келіспеушілік жоқ, деген байламға келді. Ендігі жерде Мақтаарал және Шардара аудандары бойынша осындай келісімге келу қажет.

Бірлескен демаркациялық комиссияның кезекті отырысын желтоқсан айының алғашқы жартысында Астанада өткізу межеленді.
Б.Дүйсебаевтың хабарлауынша, Қазақстан жағы шекаралық 30-метрлік аумақтағы тұрғындарды көшіру шарасын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл шараны 2005-жылдың аяғында бітіру межеленген-тұғын. Қазіргі жағдаймен үйлері 30-метрлік шекаралық аймақта болып шыққан қазақстандық 284 отбасы басқа жаққа көшірілді. Шекарада үйлерді бұзу жұмыстары аяқталуға жақын.
Отбасыларын көшіруге 1 млрд. 100 мың теңге жұмсалды. Қаржы баспанаға өтемақы, көлік шығындары, бір мәрте жәрдемақы, көш кезіндегі азық-түлік шығындарына жұмсалды.

Перейти к новостям спорта