Қазақстан мен Өзбекстанның кеденшілері шекарада қосымша бөлімшелер ашуға қатысты мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстанның кеденшілері шекарада қосымша бөлімшелер ашуға қатысты мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Өзбекстанның кеденшілері шекарада қосымша бөлімшелер ашуға қатысты мәселелерді талқылады

ШЫМКЕНТ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Өзбекстанның кеден мекемелерінің жетекшілері шекарада қосымша бөлімшелер ашуға қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Маусым 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров пен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Саратиддин Насиров келіссөздер жүргізді. Оның барысында Қазақстан жағы шекараның өткізгіштік қабілетін арттыру және Өзбекстан жағында өткізу бекеттерін ашу жөнінде ұсыныстар жасады. Атап айтсақ, Өзбекстан жағында «Минсув» және «Гагарин» кеден бекеттерін ашу мәселесі талқыланды. Ал Қазақстан жағының «Төле би» және «Бірлік» бекеттері азаматтар мен жүктерді өткізуге дайын. Жалпы алғанда қазір қазақ-өзбек шекарасында 9 кеден бекеті жұмыс істейді.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5-маусымда Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» кеден бекетінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің, сондай-ақ, мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде орналасқан облыстағы шекаралық, транспорттық, мал дәрігерлік-фитосанитарлық, санитарлық-эпидемилогиялық бақылаушы орган басшыларының қатысуымен кеңес өтті.

«Жаңа піскен ауылшаруашлыығы өнімдерін өткізу үшін бақылаудан өту, шешім қабылдау мен рұқсат құжаттарын қолға беретін уақытты бір үлкен жүк көлігіне шаққанда 30 минуттан асырмауға шешім қабылданды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Кеденшілердің түсініктемесіне сәйкес, шешім бойынша шекаралық тексеру 5, кедендік тексеру 15, ал фитосанитарлық бақылау 10 минутта аяқталуға тиіс.

Сонымен бірге барлық бақылаушы органдардың жетекшілеріне жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдерін алып өтуге қатысты барлық нормативтік құжаттарды қайта қарап, біріздендіруге нұсқау берілді. «Ішкі істер органдары мен транспорттық бақылау комитетінің ішкі посттарында ауылшаруашылығы өнімдері тиелген автокөліктерді негізсіз ұстауға қатысты жауапкершілік шаралары күшейтіледі»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті