Жарияланды: 290

Қазақстан мен Өзбекстанның Қамбарата ГЭС-іне қатысты келісілген айқындамасы бар

Қазақстан мен Өзбекстанның Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-іне қатысты келісілген айқындамасы бар.

Бұл туралы Ташкентте ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев айтты. «Мен сондай-ақ біздің елдеріміз мемлекет басшыларының қалауымен Орта Азия аймағындағы суды пайдалану жүйесіндегі әділдік мәселелерінде бірлескен келісілген айқындаманы ұстанып отырғандығынан бұл сезімтал мәселе екенін айтқым келеді. Қамбарата ГЭС-1 жобасы - біздің принциптік айқындамамыз, және бұл жоба БҰҰ Конвенциясының рухына сәйкес халықаралық сараптама арқылы іске асырылуы мүмкін», - деп түйіндеді вице-премьер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін