Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары екі ел шекарасында болған оқыс оқиғалар туралы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің  хатшылары екі ел шекарасында болған оқыс оқиғалар туралы талқылады

Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары екі ел шекарасында болған оқыс оқиғалар туралы талқылады

Кеше, 3-маусымда Ташкентте Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов пен оның Өзбекстандық әріптесі Руслан Мирзоевтың кездесуі өтті. Б.Өтемұратов Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының мәжілісіне қатысу үшін Өзбекстан астанасына келген. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігінің Ташкенттегі тілшісіне Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

  • 4 Маусым 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Елшілік ақпаратына жүгінсек, кездесу барысында Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында соңғы уақыттарда болған төтенше оқиғаларға баса назар аударылды. Тараптар шекара саясатын жетілдіру шаралары туралы, соның ішінде шекаралас аудан тұрғындары үшін мемлекеттік шекарадан өтудің жеңілдетілген тәртібін енгізу, екі елдің шекаралық өкілдіктері арасындағы жұмыс бабындағы байланыстарды нығайту шаралары талқылады.

Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мирзоев өз елі тарапынан шекара маңындағы төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында жасалып жатқан шаралар жайында хабарлама жасады.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, есірткі тасымалы және заңсыз көші-қон құбылыстарына бірлесіп қарсы тұру шараларын пәрмендендіру төңірегінде пікір алмасты. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары аймақтық қауіпсіздік мүддесіне сәйкес екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі потенциалын дамытуға бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде 16-17-маусымда Ташкентте өтеді деп межеленген Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитіне дайындық барысы тиянақталды.