Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық қызметтері шекарашылар өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы мәмілеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық қызметтері шекарашылар өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы мәмілеге келді

Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық қызметтері шекарашылар өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы мәмілеге келді

Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық қызметтерінің басшылары мемлекеттік шекараны қорғау бағытындағы ресми әркеттерді жүзеге асырушылардың өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы уағдаластыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін, 23-қазанда Астанада өткен сенаттың жалпы отырысы барысында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев журналистерге хабарлады.

  • 23 Қазан 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

«16-қазанда мен Өзбекстанның мемлекеттік шекара қорғау комитетінің төрағасымен кездестім, біз мемлекеттік шекараны қорғау бағытындағы ресми әркеттерді жүзеге асырушылардың өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолдануға жол бермеу туралы мәмілеге келдік»,- деді ол.

Сондай-ақ, Б.Зәкиевтің хабарлауынша, келіссөздер барысында «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны қорғаудағы өзара ынтымақтастық және ықпалдастық тәртібі айқындалып, шекараға қатысты қазіргі өзекті мәселелер талқыға салынған».
ҚР шекара қызметі директорының айтуынша, келіссөздер барысында өзбекстандық әріптесімен екеуара қол жеткізген мәміле тиісті хаттамаға түсіріліпті. Сондай-ақ, оның айтуынша, «аталмыш хаттаманы жүзеге асыру үшін екі жақтың шекаралық әскерлеріне бұйрықтар жіберілді».

Соңғы жаңалықтар