Жарияланды: 410

Қазақстан мен Пәкістан арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахтар Туфаилмен кездесті.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Республикасы Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Құжаттарға қол қою біздің мемлекеттер арасындағы ұлттық және өңірлік деңгейдегі қауіпсіздікті нығайтудағы екіжақты ынтымақтастықты дәлелдейді»,- деді Қазақстан Қорғаныс министрі. Қазақстан мен Пәкістан арасында әскери білім беру және кадрларды дайындау саласында бірлескен іс-қимылдар қалыптасып отыр. Пәкістан қару-жарақ зауытының өкілдері «KADEX-2012» екінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысып, қорғаныс өнеркәсібі саласында өзара іс-қимылға барынша басымдық беруге қол жеткізді. Пәкістан Елшісі өз кезегінде Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға барынша маңыз беретінін атап өтті. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі де дами беретініне сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін