Келіссөз барысында экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерінің кең спектрі талқыланды, атап айтқанда, инвестициялық салада, энергетикалық секторда, АӨК саласында қазақстандық-пәкістандық өзара іс-қимылды жандандыру перспективалары мен екі елдің транзитік-көліктік әлеуетін пайдалану мүмкіндігі қаралды.
Үкімет басшылары екіжақты қатынастардың дамуының серпінді сипатын атап өтіп, Қазақстан мен Пәкістанның іскерлік әріптестігін одан әрі тереңдету жайлы әңгімелесті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы.
Келіссөз соңында тараптар ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойды.