Жарияланды: 20

Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады

Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады

2019 жылғы 3 желтоқсанда қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасында қатынайтын рейстер ұлғайтылатын болды. Қазіргі уақытта олардың саны аптасына 4 рет болса, енді 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты күнделікті рейс болады, сондай-ақ Варшава-Алматы бағытына аптасына 7 рет қатынайды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы 2020 жылдың жазынан бастап Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыратын болды. Сонымен қатар алдағы жылы Алматыға тұрақты рейстер ашпақшы. Польшаның әуе компаниясы Шымкент

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін