Қазақстан жағынан құжатқа үкімет басшысының орынбасары- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев, ал Польша жағынан осы елдің экономика және еңбек министрі Яцек Пехота қол қойды.
Тараптар қол қойылған құжаттың маңызын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Польша комиссиясының іс-қызметі екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге түрткі болады дегенге сенім білдірді.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 1992-жылдың қазан айында Қазақстан мен Польша осындай келісімге қол қойған, және оны жүзеге асыру аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Польша комиссиясы құрылған. Алайда Польшаның Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуіне байланысты келісімді денонсациялау талабы туындады.