Қазақстан мен Польша екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Польша екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Польша екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін, 18-сәуірде елімізде ресми сапармен жүрген Польша сенатының маршалы Лонгин Пастусяк мырзаны үкімет басшысы Даниал Ахметов қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екі жақты экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде мұнайгаз және ауылшаруашылығы, сонымен қатар, мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері сарапқа салынды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2004-жылы Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 358,3 млн. долларды құрады. Польша тарапынан Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі 7 млн. доллардан асты. Қазір Қазақстанда Польша капиталының қатысуымен құрылған 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму қарқынына қанағаттанатынын білдірген Д.Ахметов пен Л.Пастусяк қазіргі әріптестік деңгейі екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық потенциалын толық пайдаланбайды.

Перейти к новостям спорта