Қазақстан мен Польшаның қарым-қатынасы білім-ғылым саласында да нығаймақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Польшаның қарым-қатынасы білім-ғылым саласында да нығаймақ

Қазақстан мен Польшаның қарым-қатынасы білім-ғылым саласында да нығаймақ

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Польшаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковски "Еуропалық Одақтағы Польшаның рөлі мен маңызы" деген тақырыпта оқытушылар мен студенттерге дәріс оқыды.

  • 13 Маусым 2011
  • 573
Фото - Caravan.kz

Бұл — «ЕО пен ЕҰУ арасындағы достық көпір» атты шара негізіндегі соңғы дәрістердің бірі. Елші Я. Ключковски Польшаның саяси-экономикалық, халықаралық жағдайдағы тарихын баяндап, қазіргі кездегі даму сатыларына тоқталды. «Польшаның экономикасы бүгінде басқа шығыс еуропалық елдерге қарағанда қарқындап өсуде және оны нығайта түсуге бар күшті жұмылдыру қажет. Алда осы жылдың 1 шілдесінде біздің мемлекет Еуропалық Одаққа төрағалық етеді. Оның мақсаттары мен жоспарларының экономикалық негізде құрылуы одақ үшін маңызды» деп атап өтті елші.

Польша — Қазақстанның маңызды әріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуы, әсіресе, білім саласында жоғары сатыға көтерілмек. Қазірде Еуразиялық ұлттық университеті жанынан Польша мәдениетінің орталығы қызмет жасап келеді. Я. Ключковскидің айтуы бойынша, елшіліктің қолдауымен алдағы уақытта Варшавада да қазақ мәдениетінің орталығын ашу жоспарланып отыр.

Яцек Ключковскидің университет қабырғасында сөйлеген сөзі осы білім ошағына келген бар Еуропалық Одақтағы мемлекет елшілерінің дәрістерін қорытындылады. Еуропа мемлекеттері мен осы жоғары оқу орнының білім-ғылым саласындағы даму қатынастары жоғарғы деңгейде. Бүгінгі күнге дейін ЕҰУ Еуропадағы 200-ден аса оқу орындарымен байланыс жасап келеді.

Соңғы жаңалықтар